«Сәкен Сейфуллин: тұлға және уақыт»

knigodar AltinayСәкен Сейфуллин қазақ елінің тағдыры сынға түскен сәтте қайраткерлігін көрсеткен тұлға. Жазушылар одағын құрып, қалыптастырған алыптардың бірі. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Қазақ Автономиялық КР Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып, ұлт болашағына, қоғамның, әдебиеттің, мәдениеттің дамуына айрықша еңбек сіңірді.
Сондай-ақ «Еңбекші қазақ» газетінде «Қазақты қазақ дейік, қатені түзейік» атты мақаласын жариялаған қиын да күрделі кезеңде таланты мен қалам қарымын аямаған тұлға. Әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеген қайраткер. Елге, жерге деген сүйіспеншілігі, азаматтық позициясы, әр туындысынан көрініс тауып тұрады және елі мен жері үшін басын бәйгеге тіккен қасиеті, жалынды жырлары, қызмет жолдары ерекше.Сәкен мерейтойы жер-жерде аталып өтті. Біз мемлекетіміздің қалыптасуына еңбек еткен, қырық жылдан сәл ғана аса өмір сүрген қазақтың бір туар азаматтарын ұмытпауымыз керек. Олар туралы біз, болашақ ұрпақ үшін, қазіргі жастар үшін көбірек айтуымыз керек.
Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Сәкен Сейфуллин: тұлға және уақыт» әдеби портрет өтеді.
Өтетін уақыты: 2020 жыл, 20 ақпан, сағат 15-00.

Авторизация

 
 
covid19