Кітапханаға жазылу ережесі және талабы
1. Кітапхана жалпы бұқараға қолжетімді. Жасына, ұлтына, біліміне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, діни нанымына қарамастан әрбір азамат кітапхана қызметін пайдалануға құқылы.
2. Кітапханаға жазылу кезінде көрсету керек құжат:
- жеке тұлғасын куәландыратын құжат (төлқұжат, жеке куәлігі, тууы туралы куәлігі (мектеп оқушылары 14 жастан бастап), 3*4 фотосуреті. Сонымен бірге, оқырман билетін толтыру үшін қажетті барлық мәліметтерді айту керек.
- кітапхана қорын және қызмет түрлерін пайдалану Ережесімен танысу;
- «Тіркеу карточкасын» толтыру және қол қою;
- кітапхананы пайдалану ережесінің міндеттерін орындайтынын нақтылап оқырман формулярына қол қою.
Жыл сайын 1 қаңтардан бастап оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі.
Пайдалану ережесі
1. Жатақханада, немесе пәтерлерде уақытша тіркеуде тұрғандар, қаладан тысқары тұратындар «Кепілдік туралы» ережеге сәйкес қызмет көрсету бөлімінен кітапты ақшалай кепілдік беру арқылы алуларына болады.
2. Кітапты белгіленген мерзімде қайтармағаны үшін (3 күннен асса) оқырмандар кепілдік арқылы кітап алу құқығынан айырылуы мүмкін.
3. Ақылы қызметтерді пайдалану тәртібі және талабы «Кітапхананың ақылы қызметтерінің баға көрсеткіштеріне» сәйкес белгіленеді.























