Кітапханашыдан сұра
«Кітапханашыдан сұра» қашықтықтағы анықтама қызметі Әдістемелік-библиографиялық жұмыстар бөлімінің онлайн қызметі. Ол барлық тақырыптық бағыттардағы ақпараттарды іздеу және анықтау (нақтылау) бойынша қашықтағы пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.
Қашықтықтан көрсетілетін қызмет түрлері:
- Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ қорында нақты бір құжаттың бар-жоқтығы туралы сұранымдар;
- тақырыптық сұранымдар (анықтамалар, белгілі бір тақырып бойынша құжаттар тізімі);
- белгілі бір дерекке негізделген сұранымдар (нақты бір оқиға, мекеме, танымал тұлға туралы, анықтама, энциклопедиялар бойынша терминдерді анықтау және т.б). Бұл сұранымдарды орындаған кезде ақпарат қайдан алынғаны жайлы пайдаланушыға анықтама беріледі.;
- Сұранымдар күн сайын мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады. Сұраныстарды орындау мерзімі 1 күннен 3 күнге дейін.
Қарауға және орындауға жатпайтын сұранымдар:
- Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ қызметінің тақырыптық бағыттарынан тыс сұранымдар;
- математика, физика, химияға және т.б. байланысты пәндік сұранымдар;
- реферат, курстық, дипломдық жұмыстар және т.б жазу туралы сұранымдар;
- мәтін аудару туралы сұранымдар
Назар аударыңыздар!
Мәтіні түсініксіз жазылған сұранымдар орындалмайды.
Үлгіні толтырыңыз. Біз көп күттірмей Сізбен хабарласамыз!
Мархабат, барлық жолдарды міндетті түрде толтырыңыз.