Құрметті оқырмандар!
Кітапханадан алған кітаптарыңыздың пайдалану уақытын үйде отырып-ақ Интернет желісі арқылы on-line түрінде ұзартуларыңызға болады. Алынған кітаптың, немесе басқа бір басылымның пайдалану мерзімін ұзарту үшін көрсетілген үлгіні толтырған соң «Ұзарту» батырмасын басу керек.
Кітапты пайдалануды ұзарту тапсырысын орындау мерзімі – 1, 2 күн. Осы уақыт аралығында Сіздің электронды поштаңызға қолданыстағы кітабыңыздың пайдалану мерзімінің ұзартылғаны, немесе ұзартылмайтыны жайлы хат түседі.
Қарыздары жоқ пайдаланушылар ғана On-line ұзарту мүмкіндігін пайдалана алады.
Назар аударыңыз! Кітап мерзімінің ұзартылғаны жайлы Сіздің e-mail-ға бізден хабарлама келгенде ғана кітапты пайдалану уақыты ұзартылған болып есептелінеді. Егер өтінішіңіз 3 күн ішінде қанағаттандырылмаса, Сіз телефонмен хабарласу арқылы кітапты пайдалану уақытын ұзартуыңызға болады.
Ескертеміз: Кітаптар мен журналдарды үйге уақытша пайдалану мерзімі 10 күн. Бір кітаптың уақытын 2 реттен артық ұзартуға болмайды. Сонымен бірге, пайдалану мерзімін кітапханаға өзіңіз келу арқылы, немесе телефонмен хабарласу арқылы да ұзартуға болады.