Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысушы ретінде кітапхананы пайдаланушыларға және әріптестеріне түрлі тақырыптарда тренингтер, кеңестер, семинарлар, IT-технология және ақпарат іздеу бойынша жеке сабақтар ұсынады.
Сабақтар кітапхана-бөлімшелерінде өткізіледі. Мекеме мамандары үшін теренингтер мен семинарларды мекемеге барып өткізу үшін алдын ала тапсырыстар қабылдайды.
Тренингтер:
«Электрондық үкімет: тіркеу, іздеу, on-line қызметтер»
«Интернеттен ақпарат іздеу»
«Электрондық поштамен (е-mail) жұмыс»
«Қашықтағы толық мәтінді мәліметтер қорынан іздеу»
«Компьютерде жұмыс істеу негіздері».
Кеңес беру және жеке сабақтар өткізу:
Электрондық каталогта іздеу
Құқықтық мәліметтер қорынан іздеу.
Курстар:
Зейнеткерлерді компьютерде жұмыс істеуге үйрету.
Жазылу
Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинарлар, тренингтер.























